Ажар айды аспанға шығарды

Ажар айды аспанға шығарды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда медициналық сақтандыруы жоқ адамдарға көлік жүргізуге және қару сақтауға тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өткендей, қазіргі уақытта қаржы жүйесі актуарлық есеп-қисаптың өсіп келе жатқан шығындарын көтере алмай отыр. Сондықтан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры алдағы уақытта өз міндеттемелерін толық орындай алмауы мүмкін деп болжайды.

"Жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажетті шарттарды ескеру қажет: 2025 жылдан бастап әрбір азамат міндетті салық декларациясын тапсырады. Осылайша сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болып, шамамен 700 мыңдай адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тартылады деп күтілуде", - деді Ажар Ғиният.

Ауылдарда тұратын аз қамтылған 1,5 миллионға жуық адам бюджет қаражатынан сақтандырылмақ. 2026 жылға қарай халықты қамту 95 пайыздан кем болмайды деп күтілуде. Сондай-ақ мемлекет пен жұмыс берушілердің жарна мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жалақысы 700 мың теңгеден асатын азаматтар үшін міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар шектелген. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі жұмыс берушінің жарналарын есептеу үшін базаның жоғарғы шегін (10 ең төменгі жалақы) алып тастауды ұсынып отыр.

"Сақтандырылмаған адамдарға медициналық және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерге шектеулер енгізу ұсынылады, мысалы, көлік жүргізу, қару сақтау және т.б", - деді министр.

Оның айтуынша, егер бұл шарттар орындалса, қордың қаржылық тұрақтылығы сақталады.