Автобустағы газ баллон жарылып, 6 адам көз жұмды

Автобустағы газ баллон жарылып, 6 адам көз жұмды
Сурет: t.me/MCHSUzbek

Автобус газ құю станциясында жарылған

Өзбекстанның Сырдария облысында автобустағы газ баллоны жарылып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Сырдария облысының Ақалтын ауданында болған.

Автобустың газ баллондарының бірі газ құю станциясында жарылған. 
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 15-і әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайын Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен құралған жұмыс тобы тексеріп жатыр.