Еліміздің жеті өңірінде үсік жүреді

Еліміздің жеті өңірінде үсік жүреді
Сурет: Ашық дереккөзі

Синоптиктердің болжамынша 19-тамызда бірқатар аймақтарда үсік жүріп, сынап бағанасы 2 градусты көрсетеді

19 тамызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде тұман түсіп, жер бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с болады.

Орал қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Жетісу облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, күші 20-25, екпіні 28 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с болады. Күндіз 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында ңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде үсік 2 градус күтіледі.