Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды
Сурет: 24.kz

Чемпионатқа сегіз қазақстандық спортшы аттанды.

Грецияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Бірінші жарыс күнінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар өзара мықтыны анықтады. 

Қазақстандық Екатерина Алякина жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады. Қоссайыс нәтиесі бойынша ол 174 (78+96) ұпайын жинады. 

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан намысын қорғауға сегіз спортшы аттанды.