Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды
Сурет: Inbusiness.kz

Солтүстікте суық, батыста жаңбыр жауады.

 «Қазгидромет» мамандары 5-7 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Елдің солтүстік аймақтарында, оңтүстік аймақтарға қарағанда, көктем әлі де кешігеді. Бұл оңтүстік аймақтарға Өзбекстанның аудандарынан келетін жылы ауа массалары мен солтүстік аймақтарға шабуыл жасайтын суық ауа массаларына байланысты. Солайша, солтүстік-батыс антициклоны түнгі температураның төмендеуіне әкеледі. Ал осы екі ауа ағынының соқтығысуы аясында батыс өңірлерде жаңбыр, бұршақ жауып (кей жерлерде қатты), найзағай ойнап және екпінді жел соғады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.