Ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді

Ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді. 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.

«Тәркіленген балықтың жалпы салмағы - шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық», - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.