Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері күдікке ілінді

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері күдікке ілінді
Сурет: Ritmeurasia.org

Тергеу жалғасуда.

«Антикордың» мәлімдеуінше, олар 50 млн теңге ұрлады деген күдік бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі ҚР ҚК 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларға қатысты қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді», - деп жазылған хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілген жоқ.