Аудандағы бау-бақша қоғамдарының су құбыры мен канализация желілері ауыстырылады

Аудандағы бау-бақша қоғамдарының су құбыры мен канализация желілері ауыстырылады
Сурет: Д.Исаев

2023 жылы құрылысқа 200 млн. теңге қарастырылған.

«Достық» шағын ауданында канализация құрылысы алдымен қыркүйек айының соңында Рабат көшесінде басталып (ұзындығы – 590 м.), биылғы қазан айының соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шағын ауданның қалған көшелерінде жұмыстар 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV-ші тоқсанында аяқталады (2023 жылы құрылысқа 200 млн. теңге қарастырылған. Жобаның жалпы құны - 1 067,8 млн. тг).

Бұрынғы «Восход», «Садовод», «Ветеран» бау-бақша қоғамдарының 8 көшесінде су құбыры мен канализация желілерін ауыстыру жұмыстары да осы қыркүйек айының соңында басталады. Жазылбек, Виноградная, Малиновая көшелерінде (ұзындығы – 1016 м.) жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Қалған 5 көшедегі жұмыстар келесі жылдың II-ші тоқсанында жүргізіледі (2023 жылы 489,4 млн. теңге қарастырылған, шарттарға сәйкес жобаның құны 506,4 млн. теңге).

Алмас, Атамекен және Қуаныш шағын аудандары бойынша инженерлік желілерді модернизациялаудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда (сумен қамту – 20 км, канализация – 22 км). 2024 жылдың II-ші тоқсанында жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз.