Ауданда оқушы орындарының тапшылығын одан әрі азайту әкімдіктің ерекше назарында

Ауданда оқушы орындарының тапшылығын одан әрі азайту әкімдіктің ерекше назарында
Сурет: Stan.kz

Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жайы қала әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды.

2022 жылдың қыркүйегінде №148 мектептің 300 орындық қосымша құрылысы басталған болатын. Бұл құрылысты құрылысты биылғы оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алайда, мердігер ұйым «СП Neft» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алған міндеттемелерді орындамауынан жұмыстар 1 қарашаға дейін аяқталады.

Сондай-ақ маусым айында №103 мектепке 200 орындық және №112 мектепке 300 орындық жаңа корпустар салу жұмыстары басталды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2024 жылдың тамыз айы.