Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті

Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті
Cурет: 24.kz

«Қызыл аймақта екі облыс тұр

Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

20 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.