«Атың шықпаса, жер өрте»

«Атың шықпаса, жер өрте»
inbusiness.kz

Алматылық пранк жасаушы жігіт 15 тәулікке қамауға алынды

Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К. есімді азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сот барысында анықталғаны, алматылық тұрғын әлеуметтік желіде пранкер ретінде өзінің көрермендерін көбейту мақсатында «Магнум» сауда дүкенінде видео түсірген. Онда пранкер беліне дейін киімін шешіп тастап, жалпыға ортақ этиканы сақтамай «Буратино» іш!» деп айқайлаған. Осы әрекетімен ол айналасындағыларды сыйламайтындығын білдіріп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

«Сот мәжілісінде К. есімді азамат өзінің әкімшілік құқықбұзушылық жасағанын толық мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін жеткізді. Сот қаулысымен кінәлі азаматты 15 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік шарасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінеді соттың хабарламасында.