Астанаға көктем кеш келеді

Астанаға көктем кеш келеді
Сурет: Астана әкімдігінен

Астанада жаңбыр аралас қар жауды. Түнгі ауысымға көшені қардан тазартуға коммуналдық қызмет 700-ден астам арнайы техника мен 150-ге жуық жол жұмысшысын жұмылдырды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалап жатыр. 

Қыс басынан бастап 6 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 447 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

«Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз» деп ескертеді әкімдіктен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазгидромет мәліметінше, Астанада 10 наурызда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. 

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4 градус суық.