Астанада конкурдан ел чемпионаты өтеді

Астанада конкурдан ел чемпионаты өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Астанада Республика күнін тойлау аясында конкурдан ел чемпионаты өтеді. 

Жарыстар 21-22 қазан аралығында “Арғымақ” ат-спорттық сауықтыру кешенінде болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар екі күн бойы түрлі биіктіктегі 8 бағытта шеберлігін көрсетеді. Жеке бағыттарда Қырғызстан спортшылары да бақ сынайды.

Жарыстың жүлде қоры – 26 миллион теңге. Басталуы–10.00-де, кіру тегін.