Астанада алғаш рет Ар­бадағы теннистен ел чем­пио­наты өтеді

Астанада алғаш рет Ар­бадағы теннистен ел чем­пио­наты өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спорт­шыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу, – делінген Спорт және дене шынықтыру істері коми­тетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, арбадағы теннис – елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа 6 өңірден 20 спортшы қатысқан.