Асхат Тағыбергеннің голы «үздіктер» қатарында дауысқа түседі

Асхат Тағыбергеннің голы «үздіктер» қатарында дауысқа түседі

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 2-турындағы үздік голға үміткерлерді таныстырды.

Турдың ең әдемі голының авторы атағына үміткерлердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Бұл номинацияда Асхаттың бәсекелестері – Букайо Сака (Англия), Андрей Бурка (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь).

Футбол жанкүйерлері УЕФА сайтында сәйкес гол эпизодының видеосының астындағы «ДАУЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы үздік голға дауыс бере алады.