Асыранды баланы Балалар үйіне қайтарушылар көбейген

Асыранды баланы Балалар үйіне қайтарушылар көбейген
Сурет: интернеттен

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов осыны айтып, дабыл қақты.

Депутаттың дерегінше, соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған баланың саны 64 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны жыл сайын көбейіп жатыр. Бірақ асырап алынған балалардың балалар үйіне қайтару саны да азаймай, үнемі өсіп жатыр. Мысалы, соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған балалардың саны 64 пайызға өсті», деді депутат.

Оның айтуынша, 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала, 2022 жылы 217 бала балалар үйіне қайтарылған.

Бұл ақпаратты Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан да растады.

«Осы мәселеге байланысты министрлік дайындаған «Балалардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы Мәжілісте қарауда жатыр. Ол заңның аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіліп жатыр. Осы институт мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойлаймыз», деді вице-министр.