Армения Парламенті мемлекеттің жаңа Президентін сайлап алды

Армения Парламенті мемлекеттің жаңа Президентін сайлап алды
Сурет: Wikipedia.org

Салауда жеңіске Ваагн Хачатурян жетті.

Ваагн Хачатурян Армения Республикасының Президенті болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Арменпресс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, дауыс беру нәтижелерін есеп комиссиясының төрағасы Нарек Бабаян жариялаған. Президент сайлауының екінші кезеңіне 71 депутат қатысып, олардың барлығы жаңа Президенттің кандидатурасын қолдады.

Депутаттар Ваагн Хачатурянды ду қол шапалақ соғып, құттықтады. Ол білдірілген сенім үшін алғыс айтып, сөз сөйледі.

Айта кетейік, Ваагн Хачатурянның кандидатурасын «Гражданский договор» фракциясы ұсынды. «Айастан» және «Честь имею» оппозициялық фракциялары үміткердің кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспады. 

Бірінші кезеңде Хачатурян 69 депутаттың ғана дауысын жинап, бірден сайлана алмады. Ал екінші кезеңде жеңіске жету үшін 64 дауыс жеткілікті болды.