Арман Оспанов Хабибтің промоушеніндегі жекпе-жекте жеңіліп қалды

Арман Оспанов Хабибтің промоушеніндегі жекпе-жекте жеңіліп қалды
Cурет: Prosports.kz

Жекпе-жек Майамиде өтті

Қазақстандық файтер Арман Оспанов Eagle Fighting Championship 44 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Арман Оспанов (11-5) франциялық Дилан Сальвадормен (4-1) кездесті.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ ол екінші раундта 28 жастағы француздың жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңілді.

Жекпе-жек бүгін таңертең Майамиде (АҚШ) өтті.

Айта кетейік, бұл Оспановтың бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі.