Араб және Ислам елдері Израильді халықаралық сотқа тартпақ

Араб және Ислам елдері Израильді халықаралық сотқа тартпақ
Сурет: ашық дереккөз

Бұл жайында өткен сенбіде, яғни 11 қараша күні Эр-Риад қаласында өткен саммиттің қорытынды декларациясында айтылды.  

Сенбі күні Араб және бірқатар Ислам елдерінің басшылары Сауд Арабиясының астанасында бас қосып Палестина-Израиль мәселесін талқылады. Әсіресе Газада 11 мыңнан астам адамның жанын жалмаған қанды қақтығысты негізгі тақырып етті. Жиын соңында тараптар ортақ декларацияға қол қойды. Онда Араб және Ислам елдерінің Израильді әскери қылмыс бойынша айыптап, халықаралық сотқа шағым түсіретіні айтылған. Дәлірек айтсақ, Халықаралық қылмыстық сотының прокурорынан Израильдің әскери қылмыстары бойынша тергеу жүргізуді талап еткен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Декларацияда Халықаралық соттың прокурорынан Израильдің осыған дейін Иерусалимді қамтыған Палестина жерінде жасаған әскери қылмыстарына қатысты тергеуді толық аяқтауды талап еткен. Соның қатарында адамзатқа қарсы қылмыс фактілерін де ашық тергеуді сұраған. 

Декларация Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб лигасының барлық мүшелеріне әскери қылмыс бойынша халықаралық сот прокурорының тергеуін қадағалауды міндеттеген. Бұған қоса 7 қазаннан кейінгі Израильдің әскери не соғыс қылмыстарына қатысты немесе гуманитарлық құқықтардың бұзылуына қатысты деректерді құжаттап сотқа дайындауды тапсырған. 
Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық қауымдастық тарабынан да Израиьді Газа жерінде әскери қылмыс жасап жатыр деген айыптаулар айтылған. Израильге қарата БҰҰ жағынан айытылған айыптардың ішінде «соғыс қылмысына» қатар «адамдарды коллективті жазалау» сөзі де қолданылған еді.  Ресми Тель-Авив бұл айыпты жоққа шығарады. 
Эр-Риадтағы жиында тағы нелер айтылды? Халықаралық қылмыстық сотының құзыреті қандай? Соғыс қылмысы деген не? Израиль үстінен жасалған шағымның қандай нәтижесі болуы мүмкін?  Бұл жайында толығырақ «Алматы Ақшамының» №136 санынан оқи аласыздар.