«Алматы жастары» бағдарламасына қосымша өтінімдер қабылданады

«Алматы жастары» бағдарламасына қосымша өтінімдер қабылданады
inbusiness.kz

Құрметті «Алматы Жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының қатысушылары!

Алматы қаласы әкімдігі «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды (бұдан әрі - Бағдарлама).

Бұл жолы Бағдарламаға ағымдағы жылдың (2022 жылғы 18 мамыр мен 1 маусым аралығында) негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, бірақ құжаттардың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатыса алады.

Еске салсақ, бағдарлама бойынша барлығы 1000 несие қарастырылған. Негізгі конкурстық іріктеу кезінде оң мақұлданған өтініш берушілер арасынан «Отбасы банк» критерийлері бойынша төлем қабілеттілігінен тек 863 қатысушы ғана өтті. Қалған 137 орынға 5225 қатысушы үміткер бола алады (тізім сайттың басты бетінде «Өтінімдері редакциялауға жіберілген қатысушылар ТІЗІМІ» бөлімінде орналастырылған).

Өз өтінімдеріңізге өзгерістерді 2022 жылдың 10-14 қазаны аралығында енгізуге және almaty-zhastary.kz сайтындағы тізімге сәйкес құжаттарды жаңартуға болады.

Телефон арқылы анықтама: +7 (727) 225 14 57 (көп арналы) (Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).