Алматы – арман болған шаһар

Алматы – арман болған шаһар
Сурет: Рoehali.kz

Аяулы Алматы 

Әр дамыған елге көз салсаңыз, оның ерекшеленген алып мегаполистері болады. Дүние жүзінің алып державасы - Америка Құрама Штаттары атақты Нью-Йорк, Вашингтон қалаларымен атақты. Жапония десе, Токио еске түседі. Ал бауырлас Түркияның Ыстамбұлы бар. Осылардың барлығы күллі дүниеге мәшһүр шаһарлар саналады.

Сүйікті қала. Уақыт машинасы күн өткен сайын алға жылжып келеді. Жолындағысын жайпауда. Мұны екі жақты түсінуге болады. Жаһанданудың қанат жайғаны қашан. Бір-біріне ұқсастық, бірін-бірі қайталау - ежелден келе жатқан үрдіс. Десе де, біздің Алматының жөні бөлек. Қала тарихы 1000 жылдан асады. Талай оқиғаның куәгері десек, қателеспейміз. Қастерлі Жетісу өңірінде орналасқан бұл құтты мекен талайдың шамын жақты. Димаш атамыз 30 жыл осында билік құрды. Сол кездегі Алма-Атаны дамытты. "Қазақстан" қонақ үйін, Шығыс моншасы, Республика сарайы, "Медеу" мұзайдынын салды.  Бұл өңір Шәмші мен Мұқағалиға шабыт берді. Алатау баурайына баурады. Ал табиғатына сөз жетпейді.

Қала - тоғыз жолдың торабы. Арысы Қытайға, мына шеті Қырғызстан, Өзбекстан арқылы Орталық Азияға шығады. Геолокациясы қолайлы әрі сауда-экономикалық орталық деуге толық негіз жетерлік.

Түйін. Қазақ елінің бас қаласы елорда екені анық. Ал бірақ, мәдениет пен өнер ордасы болып Алматы қала берері сөзсіз. Баршамыздың ортақ, сүйікті қаламыздың мәңгі аялай білейік!