Апат деген батпандап кіріп, мысқылдап шығады

Апат деген батпандап кіріп, мысқылдап шығады
Суретті түсірген -Досбол Атажан

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қиын жағдай болып жатыр. Бұл енді құдайдың біздің жұртқа жіберген үлкен бір сынағы. Сондықтан бұл тұста бірлік керек, ынтымақ керек, бір-бірімізге жәрдем беруіміз керек. 

Елде бастайтын біреу болады, қалғаны тіреу болады. Бүгінгі Президенттің үндеуінен біраз адам арқаланып қалды. Енді біз сол үндеумен үндесуіміз қажет. Қиын қыстау кезеңде жұдырықтай жұмылып, батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік деп бөлінбей, төртеу түгел, алтау ала болмай барлығымыз біріккен уақытта осыны жеңіп шығамыз.

Қазір бүкіл атқамінер жарға құлағы жастыққа тимей, түн ұйқысын төрт бөліп осыған қызмет жасап жатыр. Үлкен алапат жамандықтар батпандап кіреді да мысқылдап шығады. Барлық кемшіліктің орны толып, оралып жақсы болады деп сенеміз.