ANTIKOR қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады

ANTIKOR қазақстандықтарға SMS-ескерту жібере бастады
Сурет: Egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады.

ANTIKOR азаматтарға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу қылмыс», - делінген хабарламада.

Осыдан кейін қазақстандықтарға «мемлекет қамқорлығындағы адал кәсіпкерлік» және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау ауыр қылмыс екені туралы екінші хабарлама келеді.