Америкада қазақ тілін үйренуге қызығушылық артып келеді

Америкада қазақ тілін үйренуге қызығушылық артып келеді
Сурет видеодан алынды

Ана тілін үйренгісі келетін қазақтардың арасында біздің тілді меңгергісі келетін америкалықтар да бар.  

Америкалықтардың қазақ тілін үйреніп жатқанына екі апта ғана болған. Қазірдің өзінде қал жағдай сұраса алады. Қарапайым бірнеше сөзі жаттап үлгерген. Тіпті оны жаза алады. Отызға дейін еркін санайды.
Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кэрен Каноли бес тілде сөйлейтін полиглот жігіт. Қазақ тілін меңгерсе алты тілді білетін маманға айналмақ. «Күнделікті аз да болса тұрақты уақыт бөлсең кез келген тілді меңгеруге болады»- дейді.
«Нақты баға беруге ерте әрине. Десе де тіпті түрік тілімен салыстырғанның өзінде қазақ тілінде көптеген өзіне тән дыбыстар бар. Қ, Ү, Ң секілді. Қазір менің ауыз қуысы бұлшық еттерім мен кеңірдек пен көкірек тұсым да өзгеше қозғалысқа түсіп, тіл сындырып жатырмын. Америмкалықтар үшін оңай тіл емес», - дейді АҚШ азаматы Кэрен Канноли.

«Мен колледжде оқығанда Орта Азия тарихы және мәдениетімен таныстым. Содан бері Қазақстанға қызығушылығым артты. Арнайы барсам деп жүрмін. Қазақ әуені мен бай дүстүрін ұнатып қалдым. Мен Кензаста туып өстім. Екі жақтың мәдениетінде ұқсастықтар бар. Канзаста да жайылымдар көп, халық незінен мал ұстайды, музыкалық аспаптар мен әуенде де ұқсастық аз емесін байқадым. Соны зерттегім келеді», - дейді АҚШ азаматы Адун Сындин

Америкалықтардың өтінішін жерге тастамай, қазақ тілін үйретуді қолға алған - Әсел Күзеухан. Ағылшындарға қазақ тілін тікелей үйретенін арнайы әдістеме таппаған соң өзінше нұсқаулық жасап алған. Бұрындары шетелікдіктер Қазақстанға жұмыс бабымен баратын болса орыс тілін үйренуге тырысатын. «Енді жағдай өзгеріп келеді»- дейді маман.

«Қазір олар қазақ тілін үйренуім керек деп орыс тілін ысырып, қазақ тілін үйреніп жатқаны үлкен жетістік. Және қазақтандағы қазақ тілін білмейтіндер үшін үлгі деп ойлаймын»,  - дейді қазақ тілін үйретуші Әсел Күзеухан.

Қазақ тіліне ден қойған Кэрен орыс тілін жақсы біледі. Алайда, Қазақстанға барғанда сол елдің тілінде сөйлеуім керек. Әрі қазақтың салт санасын, ділін қазақ тілінсіз түсіну мүмкін емес дейді.