Алтынбек Қоразбаев: Әділдік, шындық, демократиялық Қазақстанды құру біз үшін өте қажет

Алтынбек Қоразбаев: Әділдік, шындық, демократиялық Қазақстанды құру біз үшін өте қажет
Сурет: Inform.kz

20 қараша елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. 

Алдағы маңызды науқанға байланысты еліміздің белгілі азаматтары өз ойларын білдіріп, келер күннен жақсылық күтенінін айтуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Cайлау жайынды ой қосқан композитор Алтынбек Қоразбаев соңғы жылдары елімізде реформалар жасалып жатқанын айтады.

«Соңғы үш-төрт жылда әжептеуір реформа жасалып жатқан сияқты. Жаңа Қазақстан құрудың алғышарты басталып та кеткен секілді. Кейінгі кезде байқауымша, әділдік, адалдық Жаңа Қазақстанның жаңа көзқарасы, шынында, бізге сезіліп жатыр. Енді тек қана Қазақ елі, жері – ең басты мұрат. Болашақ Президентімізге аға ретінде айтар ойым – әділдік, шындық, демократиялық Қазақстанды құру біз үшін өте қажет», –  деді Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.