Бекнұр Қисықов: Әр адам өзінің дауысын беру керек

Бекнұр Қисықов: Әр адам өзінің дауысын беру керек
Сурет: Almaty.kz

Жетіжылдық сайлау.

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықовтың пікірінше, сайлауға қатысу - әр адам міндеті. Қоғам белсендісі президентімізді жеті жыл сайын ауыстырып тұрсақ, мемлекетімізге жақсы болатынына сенеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Менің ойымша, сайлауды өткізу және оған қатысу әр азаматтың борышы. Әр адам өзінің даусын беру керек. Кейбір мемлекетте егер сайлауға бармасаңыз, оларға айыппұл салынуы мүмкін. Бізде ондай айыппұл жоқ. Қазір  қандай демократиялық реформа болып жатыр? Жетіжылдық сайлау. Бұрынғыдай бірнеше рет емес, тек бір рет қана сайланады. Президентімізді осылай әр 7 жыл сайын ауыстырып тұрсақ, мемлекетімізге жақсы болады», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов.