Алматының жайлы қалалық орта басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматының жайлы қалалық орта басқармасына жаңа басшы тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Бейбіт Шаханов жайлы қалалық орта басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2011 жылы Ұлыбританияда магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде жетекші маман қызметінен бастаған.

ҚР Қаржы министрлігінде, Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында, Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі департаментінің директоры, су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.

2015 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.