Алматының Медеу ауданында жерүсті және жерасты өткелдерінің басым бөлігі жөнделеді

Алматының Медеу ауданында жерүсті және жерасты өткелдерінің басым бөлігі  жөнделеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев ШААЖ мен Глубокая көшелерінің қиылысындағы жерасты өткеліне барған кезде бейінді  басқармаларға жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу және реконструкциялау үшін бірыңғай стандартты әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Стандарт міндетті түрде материалдарды таңдауы және жерасты өткелдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтуы тиіс: жарықтандыру сапасы, бейнебақылау камераларының болуы.

Еске салсақ, қазір Медеу ауданында барлығы 8 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Олардың бесеуі ағымдағы жылдың соңына дейін жөнделеді. Сондай-ақ, ауданда 13 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан. 2023 жылы 8 нысан жөнделетін болады.