Алматының кеңістіктік дамуының негізгі міндеті қандай болады?

Алматының кеңістіктік дамуының негізгі міндеті қандай болады?
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласы халқының өсімінің үлкен бөлігі 5 орталыққа тиесілі болмақ

Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жобаны жалпы талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматының кеңістіктік дамуының негізгі міндеті жайлы қалалық орта жасау және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Осы міндетті орындау үшін Алматының полиорталығын, қоғамдық көліктің жүйесін дамыту, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығынды азайту жолымен ТКШ қызметтерінің сапасын арттыру көзделіп отыр.

Алматы қаласы халқының өсімінің үлкен бөлігі 5 орталыққа тиесілі болмақ
Қоғамдық, экономикалық және мәдени белсенділіктің жаңа орталықтарын қалыптастыру
Тұрақты жұмыс орындарын ашу
Ескі тұрғын үйді реновациялау
Индустриялық аудандарды қайта дамыту (Алматы-1)
Көлік инфрақұрылымын дамыту
2030 жылға дейін 2030 ж. қоғамдық көлікте күн сайын жол жүру 2,3 млн.- ға дейін ұлғаяды
• Агломерациядағы байланыстылық деңгейі жеткілікті, бірақ сынқатерлер әлі де орын алмақ
 Батыс бағытта метроның жаңа 3 бекетін іске қосу
 Агломерация мен тығыздығы аздау аудандарды байланыстыратын көлік тұрақтарын, аялдайтын және іліп әкетуші 4 көлік ауыстыру хабы • Батыс хабы (Барлық базары)
• Райымбек Батыр хабы (Алматы - 2)
• Алматы-3 хабы (Боралдай к. жаңа бекет)
• Шығыс қақпа хабы (Құлжа күре жолы)
 Қуаттау инфрақұрылымы бар электробустар үшін 3 парк салу
 Солтүстік-батыс бағытта (Алматы арена) және Шығыс бағытта (Халық арена) Төле би көшесінің бойымен жеңіл рельсті трамвай жолын салу
 2 ішкі магистралды көшені ұзарту
 125 км веложолды салу
2030 жылға қарай сумен, жылумен, электрмен, газбен жабдықтау желілеріндегі жоғалтулар ЭЫДҰ-дағы салыстырмалы мәндерге дейін төмендетілетін болады.
Өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдыра аласыз.