Алматының екі ауданында газ өшірілді

Алматының екі ауданында газ өшірілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жөндеу жасалып жатыр.

Түрксіб және Жетісу аудандары бойынша тұрғын үйлер мен нысандарға газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Түрксіб ауданында жөндеу жасалып жатыр. Соған байланысты газ уақытша өшірілді.

Түрксіб ауданында №42 апатты газ құдығын ауыстыру жүргізіледі. Тұтынушыларға газды үздіксіз және апатсыз беру үшін Д-159 мм орта қысымды жерасты газ құбыры жөнделіп жатыр. Кассин мен Айбасов көшелерінің қиылысында қалпына келтіру жұмысы істеліп жатыр.

Еске салайық, 30 қазанда Түрксіб және Жетісу аудандары бойынша Рысқұлов – Жансүгіров – Омаров – Серіков – Құлагер ы/а-Сейфуллин-Ақан Сері – Бехтер-Достоевский-Лузин көшелеріндегі тұрғын үйлер мен нысандарға газ беру тоқтатылды.

"Іске қосу жұмысы 31 қазан басталып, газдан ажыратылғандардың көптігіне байланысты 1 қарашада аяқталады. Осыған байланысты, тұрғындардан "Интергаз Орталық Азия" АҚ МГҚБ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін жұмыстар аяқталғанға дейін және іске қосу басталғанға дейін газ крандарын жабуды және ашпауды сұраймыз. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өйткені жұмыс Алматы қаласының газ жүйелерін апатсыз пайдалану үшін жасалып жатыр», делінген "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.