Алматының бірнеше шағынаудандары суық судан уақытша ажыратылады

Алматының бірнеше шағынаудандары суық судан уақытша ажыратылады
Сурет: ашық дереккөз

Алматының екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алаптары технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының «Таугүл-1» шағынауданы №44-52, «Таугүл-2» шағынауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады. 
Уақытша қолайсыздыққа шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз.
Анықтама үшін телефон: 274-66-66.

«Алматы су» МКК