Алматының аудандарында Қала күні қалай өтеді?

Алматының аудандарында Қала күні қалай өтеді?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қала күніне орай мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да  ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Концерттер, көрмелер және басқа да танымдық-ойын-сауық іс-шаралары келесі орындарда өтеді:

- Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00;

- Алмалы ауданы – Ганди паркі,  сағат 11:00;

- Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00;

- Бостандық ауданы – "Mega Alma-Ata" СОО, Розыбакиев, 247а, сағат  11:00;

- Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы,  сағат 11:00;

- Медеу ауданы – Ғылым Академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00;

- Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347/2, сағат 11: 00;

- Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы  саябақ, сағат 11:00.

Еске салсақ, Қала күніне орай мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек аралығында өтеді. Тұрғындар мен қонақтарды концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар және тағы басқалар күтеді. Мерекелік іс-шаралар бірден мына жерлерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайы.