Алматыда әскери қызметшінің атын жамылған алаяқ іздестірілуде

Алматыда әскери қызметшінің атын жамылған алаяқ іздестірілуде Сурет: Polisia.kz

Күдіктіге қатысты қазірдің өзінде 10 арыз-шағым түскен.


Алматы полициясы Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастамасымен әскери қызметшілердің атын жамылып алаяқтық қылмыс жасап жүрген адам туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Біздің жедел қызмет бөлімдерінің қызметкерлерінің зерделеуіне сәйкес соңғы уақытта түрлі тұрмыстық заттардың сатылуы жайлы жарнама беріп жүрген әскери формадағы азаматқа алданып қалғандар саны артып келеді. Барлық жағдайда алаяқ өзінің қызмет бабымен басқа қалаға ауысып жатқандығын желеу етіп, тұрмыстық техникамен үй заттарын саудалап, олардан тауар ақшасын толық аударуды сұраған. Сатып алушылар күдігін тудырмас үшін ол өзінің әскери формадағы киімімен түскен суретін, құжаттарын жіберген. Тек қана Алматы қаласының өзінде күдіктіге қатысты 10 арыз-шағым тіркеліп отыр», – деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.



Осы орайда Алматы полициясы азаматтардың өте сақ болуларын сұрайды. Егер кез келген тауар сатып алу барысында Волохов Александр Викторович есімді әскери формадағы адамға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55