Алматылық өрт сөндірушіге «Құрмет» наградасы табысталды

Алматылық өрт сөндірушіге «Құрмет» наградасы табысталды
Cурет: Алматы ТЖД

ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушісі марапатталды 

Жанып жатқан үйден 29 жастағы ер адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен кәсібилігі үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкері өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрсұлтан Әбдікәрімовті Республика сарайында салтанатты түрде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

05 мамыр күні түнгі сағат 02: 05-те Алматы ТЖД 101 пультіне Жетісу ауданындағы Жангелдин көшесі, 91 мекен-жайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу №8 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді, жұмылдырылған  өрт сөндіруші-құтқарушылардың бірі  Нұрсұлтан болған. Оқиға орнына 02:13де жеткенде, шаруашылық құрылыстарының  қызыл  жалынмен  жанып тұрғаны, өрт  жеке тұрғын үйге таралып үлгерген. Терезелерден қара қалың түтін мен от жалыны лаулап тұрды. Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған жеке тұрғын үйдің ішінде адамдардың қалуы мүмкін болатыныанықталды. Өрт сөндіру басшысының командасы бойынша құрамында Нұрсұлтан да бар адамдарға барлау жүргізу және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрылды.

Үлкен қауіпке қарамастан, Абдукаримов Нұрсұлтан жоғары температура мен еш  көрінісі жоқ  жағдайында әрекет ете отырып, газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында қалған адамдарды іздеу үшін тұрғын үйге кірді.

Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізуді, төбенің опырылып  құлауы қиындатты.

Осының бәріне қарамастан, азаматтық қорғау кіші сержанты, Әбдікәрімов  адамдарды іздеуді жалғастырды. Кенеттен аяқ астынан бір қозғалыс сезіп,  Нұрсұлтан газ түтіннен қорғау буыны құрамында жанып жатқан және түтінделген үй-жайдан зардап шеккен адамды шұғыл эвакуациялауды бастады.
Осылайша, Абдукаримов Нұрсұлтан Жұмабайұлының ерлігі, батылдығы мен дұрыс  іс-әрекетінің арқасында 1992 жылы туған  Е. азамат құтқарылды, сондай-ақ өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ, өртті тез 30 минут ішінде оқшауланып, жойылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты Абдукаримов Нұрсұлтан Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.