Алматылық студенттерге жатақханада тұруға тыйым салынбаған

Алматылық студенттерге жатақханада тұруға тыйым салынбаған
Сурет: Аlau.kz

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шешілетін жайт екенін айтты.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы студенттеріне жатақханада тұруға тыйым салынбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне студенттерден ресми сауал түспеген.

«Студенттердің жатақханаға орналасуы бойынша қандай да бір ресми шектеулер жоқ. Басқа өңірлерден келген бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерінен бөлек орналастырдық. Себебі, абитуриенттер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары болды. Бөлек орналастыру аурудың жаппай таралуын болдырмауға мүмкіндік берді. Тағы да қайталап айтамын, біз студенттердің қоныстануына қатысты ешқандай шектеулер қойған жоқпыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Ол студенттерді жатақханадан шығару бойынша нақты фактілерді әкімдікке жолдауды сұрады.