Нариман Табынбаев: Екпе алатын оқушылар тізімі жасалып жатыр деген ақпарат жалған

Нариман Табынбаев: Екпе алатын оқушылар тізімі жасалып жатыр деген ақпарат жалған
Almaty-akshamy.kz

Балаларды вакциналау - бұл өте маңызды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мектептерде вакциналау үшін 12 жастан асқан балалардың тізімі жасалып жатыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Балаларды вакциналау - бұл өте маңызды мәселе. Ол ата-ананың рұқсатымен ерікті түрде жүргізіледі. 12-17 жас аралығындағы жас құрамына тек мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар 18 жасқа толмаған бірінші курс студенттері де кіреді. Біз қазір тізім дайындап жатқан жоқпыз, бұл алып-қашпа сөз деп санаймын. Біз түсіндіру жұмыстарын бастап, ата-аналар ерікті түрде келісімін бергенде ғана вакцинаны алғысы келетін қанша бала бар екенін біле аламыз», - деп жауап берді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нариман Табынбаев.