Алматылықтардың үйлерін тонап келген тағы бір ұры ұсталды

Алматылықтардың үйлерін тонап келген тағы бір ұры ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ұрының ШҚО-дан келгені белгілі болды. 

Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын криминалдық полиция қызметкерлері мен Алатау аудандық ПБ-ның жедел уәкілдері жүргізген. Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстың басты қатысушысы – С.есімді азаматтың үш пәтер ұрлығына қатысы барын дәлелдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қаскөй стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үйдің қожайындары бар-жоғын тексерген соң, тұрғын үйге кірген. Білдірмей алып кетуге болатын нәрсенің бәрін алды – бұл алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Үйлердің бірінен ұрланған геодезиялық құрал – невелир жасалған ұрлықтың біріне заттай айғақ болды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Айтпақшы, күдікті 29 жастағы С.есімді азамат ШҚО-дан келген, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған, ал оның сыбайласы 33 жастағы И.есімді азамат Түркістан облысының тумасы, ұрланған мүлікті сатып алып жүрген. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық дуэттің екі мүшесінің де бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.