Алматылықтар халықаралық турнирде топ жарды

Алматылықтар халықаралық турнирде топ жарды
almaty-akshamy.kz

Алматылық гимнастшылар Корея кубогын бағындырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Кореяның Ансан қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан 2023 жылдың 1-2 шілдесі аралығында «Shine Cup» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Малайзия, Сингапур, Жапония және Кореядан 26 команда қатысты.

Жарыс ұзақ және қысқа бағдарламалар бойынша әр түрлі жас санаттарында өтті.«Сеньорлар-ұзақ бағдарлама» санатында бірінші орынды алматылық Freedom командасы иеленді.

Команда құрамы: Бейганова Амина, Болат Томирис, Максутова Айлин, Тұрсынқожа Аделия, Кабаш Зере, Чукреева Анастасия. Жаттықтырушы - Муталиева Мадина.

Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясы төреші Давлетьярова Зарина ханымға алғыс білдіреді.

Эстетикалық гимнастика - Қазақстанда енді дамып келе жатқан спорт түрі. Десе де біздің гимнасттар 2018 жылдан бері ресми стандарттарға сай халықаралық додаларда өнер көрсетіп келе жатыр. Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (KFAGG) тек 2018 жылы құрылып,халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының толыққанды (IFAGG) мүшесі саналады