Алматылықтар халықаралық алма күнін атап өтті

Алматылықтар халықаралық алма күнін атап өтті
Сурет: Almaty.tv

Ұйымдастырушылар көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынды

Дүниежүзілік аспаз күні мен халықаралық алма күнін Алматы облысының жұрты атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қос мерекені ұштастырған ұйымдастырушылар келген көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынып, дастархан жайды. Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекелік жиынның көркін қыздырды.

– Ұзындығы 100 метрдей штрудель әзірледік. Алма күні болғандықтан, түрлі тағам жасадық, – деді бас аспаз Алмас Осипов.

Аспаздардың алуан түрлі қиялынан туған тағамдардан бөлек, демалушыларға шығармашылық бұйым ұсынылды. Ұлттық нақыштағы киім мен киізден жасалған әртүрлі туындыны тамашалаған жұрт іс-шараның дістүрге айналғанын қалайды.

– Алматының алмаларынан жасалған мәзірді демалушыларға, қарапайым қонақтарға ұсынайын деп жатырмыз. Болашақта мәдени іс-шараларды жалғастырамыз, – деді сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерликов.