Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті Almaty-akshamy.kz

Эко-белсенділердің бастамасымен Алматыда «Жаңа Қазақстан.Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


21 қазан күні Алматыда «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты кең ауқымды қалалық сенбілік өтті. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен экобелсенділер бастамашы болған акция Республика күнін тойлауға орайластырылған.



Сенбілік барысында демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, аула аумақтары тазартылды, 5 мың текше метрге жуық қоқыс жиналды, 9 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Экологиялық науқанға 34 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 239 техника жұмылдырылды.



Негізгі іс-шаралар «Көк-төбе» тауының баурайында, ALA саябағында, Алматы индустриялық аймағы мен «Батыс» зиратының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы учаскеде және Көкқайнар шағын ауданындағы Боралдай өзенінің жағасындағы өтті.



Алматы әкімдігі көшет егу мен тазалауға қажетті құрал-жабдық (қолғап, қап, күрек, тырма) ұсынып, науқан қатысушыларын ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз етіп, жиналған қоқысты полигонға шығарды. Аумақта мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.



Жалпықалалық науқанға аудан әкімдіктері де атсалысты, олар өз аумақтарында коммуналдық қызметтермен бірігіп Түрксіб ауданында ҮАА бойындағы Баум тоғайында, Жас Қанат шағын ауданында, Жетісу ауданындағы Айнабұлақ-4 шағын ауданында, Медеу ауданындағы «Көк-төбе» баурайында, Алмалы ауданындағы Сайран көлінің шығыс жағалауында, Әуезов ауданында Сайран көлінің батыс жағалауында, Алатау ауданында Боралдай өзенінің жағасында, Бостандық ауданында «Достық» саябағының аумағында, Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағын ауданында жергілікті сенбіліктер өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12