Алматылық травматолог дәрігерлер жүк көлігі қағып кеткен науқастың аяғын сақтап қалды

Алматылық травматолог дәрігерлер жүк көлігі қағып кеткен науқастың аяғын сақтап қалды
almaty-akshamy.kz

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ауқымды, көптеген майда сүйек сынығы бар сол жақ жіліншік сынығымен, жартылай жарақаттық бөлінді және ауқымды жарақаты бар, майда сүйек сынықтары бар жіліншік және аяқ бөліктерінің терісі некрозымен 54 жасар науқас түсті. Бұл жайлы ОҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Берік Иргалиев айтып берді.

Науқасты ауруханаға жеткізген жедел жәрдем бригадасының айтуы бойынша, бұл кісінің аяғын үлкен жүк көлігі басып кеткен.

Науқастың аса ауыр жағдайын ескере отырып, қабылдау бөлімі науқасты бірден ОҚКА қабылдау бөлімінде орналасқан жан сақтау бөліміне жатқызды.

«Аяқты ампутациялау мәселесі тұрғандықтан дәрігерлермен бірлескен консилиум өтті. Дәрігерлер тәуекелге бел буып  науқастың аяғын аман алу қалу үшін ота жасау шешімін қабылдады»,- деп атап өтті Иргалиев.

Күрделі екі сағаттық сыртқы жақтан бекіту құрылғысын пайдалана отырып жілік және жіліншік сүйектерін бекіту әдісімен жасалған отаны травматологтар: Жеңіс Тажиев және Дәулет  Чукманов жасады. Ота барысында сүйектер бұранда, шеге, пластина, ине, штиф және басқа да құралдар көмегімен қайта құрылды әрі мыжылған бұлшықеттер қалпына келтірілді.

Дәрігерлер кәсібилік пен зор жұмыс тәжірибесі, сонымен қатар ұқыпты жұмыстың арқасында науқастың аяғын ампутациядан сақтап, аман алып қалды.

Ота сәтті өтіп, науқас қазіргі таңда ауруханадан үйге шығарылған.

Бұндай жағдай Орталық қалалық  клиникалық ауруханада жиі болып тұрады. Аурухана травматологтары күнделікті адам денсаулығы мен өмірін сақтап қалып жатады.
Олар басқа адамның өмірі мен оның сапалы жақсы өмір сүруіне көмектесу үшін аянбай еңбек ететін адамдар.