Алматылық спортшылар Катардағы референдум учаскесінде дауыс берді

Алматылық спортшылар Катардағы референдум учаскесінде дауыс берді
inform.kz

Алматылық спортшылар Катардағы Қазақстан Елшілігінде дауыс берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыдағы №9 олимпиада резервіндегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен спорттық гимнастикадан мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Азия чемпионатына қатысу үшін Катарға ұшып кеткен болатын.

Олардың қатарында спорттық гимнастикадан ҚР құрамасының көшбасшылары Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Әзизов бар.

Олар ҚР бас бапкерлері және №9 спорт мектебінің бас жаттықтырушылары А.Т. Ким, С. Горбачев, Х. Ш. Курбановпен бірге Катар мемлекетіндегі Қазақстан Елшілігінде дауыс берді.

Құрама мүшелері референдумға дайындықтың жоғары деңгейін және елшілікте спортшыларды жылы қабылдағанын атап өтті.

Дипломаттар өз тарапынан алдағы жарыстарда спортшыларға жанкүйер болуға уәде етті.