Алматылық сатушыларды алдаған әйелдерді полиция іздестіруде

Алматылық сатушыларды алдаған әйелдерді полиция іздестіруде
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қылмыстық іс тіркелді.

Алматы полициясы сауда орталығының сатушыларын алдаған әйелдерді іздестіруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арызданушылардың айтуынша, екі бейтаныс әйел бутиктен киім сатып алып, тауардың ақысын электронды аударым арқылы төлегендей етіп, белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Қазіргі уақытта күдіктілер іздестірілуде, бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жүргізілуде. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сараланған. Қылмыстық іс тіркелді. Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде. Басқа эпизодтар да жоққа шығарылмайды», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.