Алматыдан мың шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан мың шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: 24.kz.

Жер сілкінісі шаһарда сезілген жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 наурыз күні Алматы уақытымен 15 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1000 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.6. MPV магнитудасы 6,2. Тереңдігі 80 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.