Алматыдан Елордаға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонды

Алматыдан Елордаға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонды
Сурет: Newsroom.kz

Көкке көтерілген ұшақ қайта жерге қонды

Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air Astana компаниясына тиесілі ұшақ техникалық ақауға байланысты ұшу орнына қайта оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Компанияның Embraer 190 E2 әуе кемесін қондыру штаттық режимде өткен.

Мамандардың айтуынша, борт командирі мен екінші ұшқыштың жол жылдамдығы индикаторы көрсеткіштері сәйкес келмеген. Қазір техникалық тексеру жүріп жатыр.

Жолаушылар елордаға өзге ұшақпен аттанды. Ал кері қайтуға мәжбүр болған әуе кемесі флоттан шығарылған.