Алматыдан 800 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 800 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: Inform.kz

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 маусым Алматы уақытымен 13 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 810 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,9. Тереңдігі - 100 км. Жер сілкінісінің сезілуі бойынша (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат тіркелмеген.