Жұма күнгі ауа райы болжамы

Жұма күнгі ауа райы болжамы
Сурет: Egemen.kz

Бүгін солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронттар республика аумағының барлық бөлігіне ықпалын тигізеді

Сол себепті қар жауады деп күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болады. Елдің тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында желдің күші 23-28 м/с артады.

Павлодар облысының батысында – бұрқасын мен көктайғақ, өңірдің солтүстігі мен батысында 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Қарағанды облысының оңтүстігінде – тұман, түнде солтүстігі мен орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, өңірдің батысы мен оңтүстігінде – тұман, түнде батысы мен орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады. Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында – жаяу бұрқасын, тұман, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Түнде Атырау облысының оңтүстігін тұман басады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде көктайғақ болжанады.

Қостанай облысының оңтүстігінде – тұман, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында – жаяу бұрқасын, солтүстігінде 15-20 м/с екпінде күтіледі.

Алматы облысының Алакөл маңында 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында тұман болады, таулы асуларында 15-20 м/с күшпен жел соғады.