Алматыдан 624 шақырым аумақта жер сілкінді

Алматыдан 624 шақырым аумақта жер сілкінді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қазанда сағат 20:03-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 624 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

«Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы – 12,0. Магнитудасы MPV 5.6. Жер сілкінісінің координаттары – 38,81° с.е., 72,29° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», - делінген хабарламада.