Алматыдан 299 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 299 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: 24.kz

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Алматының сейсмикалық станциялары Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2023 жылғы 22 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 14:52-де (2023 жылғы 22 шілдеде сағат 08:52-де) ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «САМЭ» ЖШС Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілуі  туралы ақпарат жоқ.