Алматыдағы азық-түлік қауіпсіздігінің әлеуеті артады

Алматыдағы азық-түлік қауіпсіздігінің әлеуеті артады
Сурет: Ашық дереккөзі

Сапа мен сынды күшейту импортқа тәуелділікті азайтпақ

Алматыдағы азық-түлік қауіпсіздігінің әлеуеті артады. Мегаполистен бөлек, жақын өңірлерді де көкөніс, жеміс-жидекпен қамтып отырған базардағы жабайы сауданың көзі жойылып, жабық павильондарға ауысып жатыр. Бұл бірінші кезекте тұтынушыларға ыңғайлы, екіншіден ішіп-жемнің сапасы артады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Далада тауарын сатып, нәпәқасын тауып жүрген кәсіпкерлер жабық павильонға көшкенге дән риза. Бөлшектен бөлек, көтерме саудамен де айналысатын олар, ендігіде тауар сапасын сақтау да әлдеқайда жеңіл болады деп мәз. Күннің суығында тоңып, шаң-тозаң шамбайымызға тимейтін болды, - дейді көпшілік.

«Біз осыған дейін базардың сыртыңда жұмыс істедік. Қазір міне жаңа павильон салып бергендеріне қуаныштымыз», – деді саудагер Батырхан Ботабаев.

«Бұрын сыртқы базарда тұрғанбыз.Бізде заттар арзан. Арнайы қоймамыз бар. Содан алып, сатамыз», – деді саудгер Бірлік Қастер.

Сырттағы сауда орындарын арнайы павильонға кіргізу саудагерлерден бөлек, базар басшылығына да тиімді. Өйткені, көпке арнап қолайлы орын салу – кәсіпкерлерлікті жүйелі жүргізуге септігін тигізеді әрі жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды.  Мұндай тәжірибе Алматыдағы сауда орындарында да іске қосылған болатын.

«Сыртында тұрғандардың бәрі осы жерге келетін болады. Сыймағанына үшінші павильон салынады», – деді «Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығының атқарушы директоры Ермек Марқабаев.

Аталған жұмыс нәтижесінде сауда орны 1000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар үшін азық-түлік қауіпсіздігі аса маңызды дейді базар басшылығы. Өйткені, делдалдықты жою арқылы бағаны тұрақтандыруда қазір өзекті мәселеге айналған. Ал, сапа мен сынды күшейту импортқа тәуелділікті азайтпақ.